Қытайда жер сілкінісі салдарымен күрес жалғасып жатыр
Қытайда жер сілкінісінен кейін Шыңжаң-ұйғыр автономиялық округінде тағы 100-ден астам тұрғын шатырларға көшірілді.
Өңірде табиғат апаты салдарымен күрес жалғасып жатыр. Аймақта өткен сейсінбіде 7,1 балдық жер сілкінісі болып, 12 мың адам қауіпсіз жерлерге эвакуацияланған еді. Тұрғындар көбіне арнайы тұрғызылған шатырлармен бірге мектеп және спорт кешендеріне орналастырылған. Жалпы Қытайдағы зілзаладан 3 адам опат болып, тағы 5 адам жараланған.