Таяу Шығыста БҰҰ нысанына шабуыл жасалды
Израиль әскері БҰҰ нысанына шабуыл жасап, 9 адам қаза тапты.
Тағы 75 кісі жарақат алды. Соққы Газа секторының оңтүстігіндегі Хан Юнис қаласында орналасқан Ұйымның Палестиналық босқындарға көмек жөніндегі агенттігіне жасалған. Куәгерлердің айтуынша, бірнеше танк лагерьді қоршап, атқылаған. Ақпаратты агенттік басшысы Томас Уайт растап отыр. Оқиға кезінде ғимаратта 800-ден астам адам болған. Олардың көбі палестиналық босқындар мен медициналық қызметкерлер. Айта кетейік, Таяу Шығыстағы қақтығыстың жалғасқанына 4 ай болды. Израиль күштерінің шабуылдарынан қаза болған палестиналықтардың саны 25 мыңнан асты.