Жапонияда қалың қар көлік қозғалысын тежеді
Жапонияда қалың қар жауып, көлік қозғалысын бөгеді.
Қолайсыз ауа райынан Мэйсин магистралінде бірнеше шақырымға созылған кептеліс пайда болған. 800-ден астам көлік тұрып қалған. Бірнеше адам ауруханаға жеткізілген. Сэкигахара қаласында қардың қалыңдығы 49 сантиметр жеткен. Жолдарды аршып, қар құрсауында қалып қойған тұрғындарға көмектесу жұмыстарына әскерилер жұмылдырылып жатыр. Ал синоптиктер болса алдағы күндері Токай және Тохоку аймақтарында да қалың қар жаууы мүмкін деп ескертіп отыр.