Түркия Швецияның НАТО-ға кіруіне келісті
Президент Реджеп Тайип Ердоған осы мәселеге қатысты жақында парламент қабылдаған құжатқа қол қойды.
Сөйтіп, ресми Анкара Швецияның Солтүстік Альянсқа мүше болуына жол ашты. Швеция НАТО-ға қосылуға өтінішті 2022 жылы Финляндиямен бірге берген еді. Бірақ Түркия тарапы Стокгольмге бірнеше шарт қойып, оның өтінішін қолдамай келген. Ең бастысы Швециядан саяси баспана алған күрд жұмысшылар партиясының мүшелерін қайтаруды сұраған еді. Ұзақ келіссөздерден кейін Стокгольм оларды орындауға келісті. Енді әскери одаққа кіруін Венгрия мақұлдаса, Швеция НАТО-ның мүшесі болады.