Ш. Мишель Еуропарламент сайлауына қатыспайды
Еуропалық кеңес төрағасы Шарль Мишель биыл жазда өтетін Еуропарламент сайлауына қатыспайтын болды.
Бельгиялық саясаткердің мұндай шешім қабылдауына қоғам тарапынан көптеген сын айтылуы себеп болған. Естеріңізде болса, қаңтардың басында Еурокеңес төрағасы «Реформаторлық қозғалыс» партиясының атынан еуропарламент депутаттығына үміткер болатынын жариялаған еді.
Айта кетейін, Шарль Мишель Еуропалық кеңес төрағасы қызметіне 2019 жылы келді. Оған дейін Бельгия премьер-министрі қызметін атқарып, елдегі ең жас үкімет жетекшісі атанды.