Жапонияда қалың қар жұртты әбігерге түсірді
Жапонияның Ниигата префектурасында қалың қар жауып, жергілікті жұртты әбігерге салып жатыр.
Қардың қалыңдығы кей жерде 1 метрге дейін жетеді. Соның салдарынан кей аудандарда көлік қозғалысы тоқтап қалған. Ал Исикава мен Гифу өңірлерінде ұзынсонар кептелістер пайда болыпты. Синопктиктердің айтуынша, табиғаттың тосын құбылысы елдің басым бөлігінде әлі бірнеше күн сақталады. Сондықтан жергілікті билік тұрғындарды сақ болуға шақырып жатыр.