Қазақ тіліне сұраныс артып келеді

Duolingo яғни, дүниежүзіндегі ең танымал тіл үйренетін мобильді қосымшасы миллиондаған пайдаланушының былтыр қандай тілдерді үйренгені туралы деректерін сараптады.

Оның қорытындысы бойынша, мысалы, корей тілі 6-шы орынға жайғасыпты. Бүгінде бірқатар мемлекетте «Таң самал елінің» тілін үйренгісі келетіндердің қатары артқан. Корей тілі тіпті үздік ондыққа еніп отыр.

Ағылшын тілі. Әлемдегі ең кең таралған тіл. 122 ел осы тілде сөйлейді. Тілді үйреніп жатқандардың қатары Ауғанстан, Мальдив, Мальта тұрғындарымен толықты. «Онсызда мигранттармен басы қатқан Америкаға осы елдерден кенелуге келетін келімсектерді көбейетеді»,- дейді мамандар. Ал туристер тарапынан португал тіліне қызығатындар артқан.

Мәселен, Бразилияға көршілес, Боливия, Парагвай, Уругвай және Венесуэлада халық көп үйренетін шет тілдер арасында португал тілі екінші орында. Жалпы жер бетінде 250 миллион адам португал тілінде сөйлейді. Үйреніп жатқандарды қосатын болсақ, бұл тілде сөйлеушілер саны жарты миллиардқа жуықтайды.

Әлемде 7 мыңнан астам тіл болса, соның 23-і ғана қолданыста. Ал халық ең көп сөйлейтін тілдердің ондығына мына тілдер кіреді: Қытай тілінде 1 миллиардан астам адам, Испан тілінде 500-ге жуық, Ағылшын тілінде 380 миллион адам сөйлейді. Тізімде Хинди, Араб, Бенгали, Португал, Орыс, Жапон және Пенджаби тілдері де бар.           

Халық көп қолданбайтын тілдер

Duolingo ана тілін білмейтін немесе сөйлемейтін ұлттарды да анықтаған. Мәселен, Швецияда, швед тілі жоғалып барады. Қазіргі Шведтер испан тілінде сөйлейді. Данияда да осындай жағдай. Халық ана тілін қойып, испан және неміс тілдерін үйреніп жүрген жайы бар. 

Графика-1

  1. АҒЫЛШЫН
  2. ИСПАН
  3. ФРАНЦУЗ
  4. НЕМІС
  5. ЖАПОН
  6. КОРЕЙ
  7. ИТАЛЬЯН
  8. ХИНДИ
  9. ҚЫТАЙ
  10. ПОРТУГАЛ

Графика-2

  1. Қытай тілі 1.12 миллиард
  2. Испан тілі 480 миллион
  3. Ағылшын тілі 380 миллион
  4. Хинди тілі 341 миллион
  5. Араб тілі 315 миллион
  6. Бенгали тілі 228 миллион
  7. Португал тілі 221 миллион
  8. Орыс тілі 154 миллион
  9. Жапон тілі 128 миллион
  10. Пенджаби тілі 100 миллион

Күрделі тілдер

Нейрофизиологтардың пікірі бойынша, мидың қабылдауына ауырлық тудыратын әлемдегі ең қиын – араб және қытай тілі. Ал жазу жағынан жапон, қытай, араб, корей тілдері ең күрделісі. Бұл тілдер, тіпті, жергілікті қолданушылардың өзіне ауыр тиеді. Мәселен, Жапонияда білім беру мерзімі он екі жылға созылады да, бұл уақыттың жартысы ана тілі мен математика пәндеріне арналады. Сондай-ақ, жапон оқушыларын мектепке дейін даярлау жұмыстары өте қызу әрі қатаң түрде жүргізіліп отырады. Мектепті аяқтау емтиханында 1850 иероглифті жаттап, тапсыру керек екен.     

Қазақ тіліне сұраныс артып келеді

Қазақ тілі де дүниежүзілік қосымшаға қосылуы мүмкін. 4 ай бұрын Дуалингоның ортақ чатында болған талқылауда «Қазақ тілін үйрену жоспарыңызда бар ма?» деген сауалға, Мистер Сжимон есімді қолданушы былай деп жауап берді:

- Менің достарымның көбі қазақтар. Солардың сөйлегеніне қарап, менде де тіл үйренуге аса құлшыныс пайда болды.

Былтыр 25 желтоқсанда Change.org халықаралық петициялар порталында «Duolingo тілдік курстарына қазақ тілін қосыңыздар!» деген петиция жарияланды. Оның авторы Қуаныш Өзбеков есімді азамат. Қазір петицияға 41 адам қол қойған.

Егер бұл көрсеткіш артса, яғни қазақ тілін үйренгісі келетіндердің қатары көбейсе, мына жасыл үкі де ойланады. Сондықтан сіз де үлесіңізді қоса аласыз!

Бәлкім, қазақ тілі болашақта халықаралық танымал тілдердің қатарына қосылар деген ниет.