Парламентаралық серіктестік

Франция парламентарийлері Қазақстанмен арадағы қатынасты нығайтуға мүдделі.

Осыған орай, Ұлттық Ассамблея депутаттары мен сенаторлары қазақстандық әріптестерімен достық топтарын құру арқылы серіктестікті одан әрі дамытуды ұсынып отыр. Жалпы, Франция Сенаты мен Ұлттық Ассамблеясында парламентаралық достық топтарын құру бұрыннан қалыптасқан дәстүр. Олардың қызметінің белсенді жүруі көптеген факторға байланысты. Мемлекеттің геосаяси мүдделері, әлемдегі ахуал тіпті халық қалауларының белсенділік танытуы да оған әсерін тигізеді. Еуропа мен Орталық Азияның, Франция мен Қазақстан арасының жақындауы бұған серпін берері сөзсіз. 

Дидье Парис, Ұлттық ассамблея депутаты:

- Өкінішке қарай, мен әлі Қазақстанда болған емеспін. Әрине, Орталық Азиядағы басты мемлекетпен тереңірек танысқым келеді. Өйткені Еуропа мен аталған өңір арасындағы қарым-қатынасты Қазақстансыз елестету мүмкін емес.

Гүлсара Арыстанқұлова, Қазақстан Республикасының Франциядағы төтенше және өкілетті елшісі:

- Француз депуттар тарапынан Қазақстанның өңірлерімен, Қазақстанның қалалары, аудандары үлкен аймақтарымен ынтымақтастық орнатып, қарым-қатынас жасауға деген үлкен қызығушылық бар. Осы бағытта жұмысты біз жандандыруға ниеттіміз.