Германияда мыңнан астам әуе рейсі кейінге шегерілді
Германияда әуежай қызметкерлерінің ереуілінен 1 мыңнан астам рейс кейінге шегерілді.
200 мыңдай жолаушы жолдан қалды. Кәсіподақ өкілдерінің айтуынша, 25 мыңдай қызметкердің наразылық акциясына шығуына жалақының аздығы себеп болған. Енді олар айлықты және мереке күндері төленетін ақыны өсіруді талап етіп отыр. Бірақ бұл компаниялардың шығынын 250 миллион еуроға арттырады, дейді сарапшылар.