Хуситтер Британия кемесіне шабуыл жасады
Йемендегі хуситтер Қызыл теңізде Британияның сауда кемесіне шабуыл жасады.
Бұл туралы қарулы топтың өкілі Ливан телеарнасына мәлімдеген. Ол «осылайша теңізде әскери операция өткізіп жатқан АҚШ пен Британияға жауап бердік» дейді. Ал АҚШ-тың Орталық қолбасшылығы Аден шығанағының үстінде хуситтердің бірнеше дронын атып түсіргенін және суасты ату құралының жойғанын жеткізді.
Айта кетейік, Қызыл теңіз арқылы жаһандық сауданың 12% өтеді. Бұл – шамамен жылына 1 триллион доллар кіріс. Соның ішінде Еуропа Азия мен Парсы шығанағы елдерінен шикізат пен түрлі тауарлардың 15%-ін осы Қызыл теңіз арқылы тасымалдайды.