Мемлекеттік қызмет: Шетелдік тәжірибе

Өзбекстанда мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігін арттырып, біліктілігін шыңдайтын заң жобасы қабылданды.

Заңның бір тармағында тұрғындардың өтініш талабына бей жай қарағандар жауақа тартылады. АҚШ-та мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы жеке сектормен салыстырғанда аз болғанымен  әлеуметтік қолдауы күшті. Германияда соңғы кезде мемлекеттік қызметпен айналысуға қызығушылық танытып жатқан жастар көп.

АҚШ-та мемлекеттік қызметші еңбекақысы федерация, штат не жергілікті басқару органы жалақысы бюджеттен төленеді. Ол әкімшілік жұмыспен, заңдардың орындалуы және мемлекеттік қызметтерді көрсетумен айналысады. Мемлекеттік қызмет бірнеше деңгейге бөлінеді. Федералдық деңгейдегі қызмет түрлі агенттік пен департаменттен құрылған. Олар президентке бағынады. Ондай агеттіктерге Қорғаныс, Қаржы, Әділет министрліктері жатады. Бұдан бөлек АҚШ-та мемлекеттік қызмет штаттар мен муниципалитеттер деңгейінде ұйымдастырылған. Әр штаттың өз құрылымы болады. Оған да түрлі агенттіктер мен департаменттер кіреді. Ол Білім беру, Көлік және Экономикалық даму министрліктері болуы мүмкін. Мемлекеттік қызметке қабылдау байқау және талап бойынша жүргізіледі. Үміткерлер тестілеу, сұхбат және референцияны тексеру секілді іріктеуден өтеді. АҚШ-та мемлекеттік қызметшілер тұрақты түрде жалақы, сақтандыру және зейнетақы алады. Еңбек шарттары да қолайлы. Икемді жұмыс кестесі қарастырылған. Ал кемшіліктеріне келсек, ол бюрократия. Сонымен қоса жекеменшік сектормен салыстырғанда жалақысы төмен.   

Кейінгі жылдары Өзбекстанда мемлекеттік қызметті дамытып, оның тиімділігін арттыруға көп көңіл бөлініп келеді. Өйткені мемлекеттік қызметкшілердің жұмысына қатысты шағым көп болды. 2021 жылы министрліктер мен ведомство қызметкерлерінің біліксіздігі мен жауапсыздығына қатысты 25 мың арыз түскен. Сондықтан 2022 жылы мұнда "Мемлекеттік азаматтық қызмет туралы" заң қабылданды. Ол жұмысқа байқау негізінде алуды, кадрлар алмастыруды, табысы мен мүлкін декларациялауды көздейді. Кәсіпкерлікпен айналысуға және шетелдік шоттың болуына тыйым салады. Сонымен қоса елде жас мамандарды іріктеудің бағдарламасы жарияланды. Аудандық және қалалық деңгейде басқарушы қызметтер үшін потенциалды кадрлар резерві құрылған. Оған әкімшілік не қала басшысы және губернаторлардың көмекшілері, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарында жұмыс істейтін жастар кіреді.

Германияда мемлекеттік қызметшілер сот-құқық жүйесінде, полиция, министрлік, ведомство мен мектептерде жұмыс істейді. Әлеуметтік зерттеу нәтижелері көрсетіп отырғандай, кейінгі кездері жастар арасында мемлекеттік қызметке қызығушылық танытқандар көбейген. Мәселен 2018 жылы студенттердің 40 проценті өзінің болашағын мемлекеттік қызметпен байланыстырғысы келген.

Авторы: Жұлдыз Атагельдиева