Германия заңсыз миграциямен күресті күшейтті
Германия билігі елге заңсыз келіп жатқан мигранттар санын шектеу үшін кешенді шаралар қабылдай бастады.
Атап айтсақ, Польша, Швейцария және Чехиямен шекараға кедендік бақылау енгізді. Бұдан бөлек, енді пана сұрап келген мигранттарға мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек азайтылмақ. Мәселен, бүгінде Германияда 3 миллионнан астам босқын өмір сүріп жатыр. Еуропаның бірде-бір елінде мұнша мигрант жоқ. Осыған қарамастан бұл мемлекетке ағылған босқынар нөпірі толастамай отыр.