Израильде үкіметке қарсы шеру өтті
Израильде халық тағы да шеруге шықты.
Тұрғындар үкіметтің отставкаға кетуін талап етіп жатыр.
Толқуға премьер-министр Беньямин Нетаньяхудің кепілге алынған израильдіктерді босату үшін ХАМАС қозғалысымен дұрыс келісімге келмеуі себеп. Салдарынан халықтың билікке сенімі азайып, наразылық өрши түскен. Сондықтан Нетаньяхудың министрлерімен бірге толықтай қызметтен кетуін талап етіп жатыр.
Айта кетейік, Тель-Авив тұрғындарының үкіметке қарсы бас көтеруі 2 жылдан бері жалғасып келеді.