Израильдің соққысынан зардап шеккен бала көп
Таяу Шығыста ахуал ушықты.
Израильдің кейінгі соққысынан 15 палестиналық қаза тапты. Тағы 45 адам жарақат алған. Зардап шеккендердің басым бөлігі – бала. Олар дереу жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Бірақ емдеу мекемесінде орын жоқ. Дәрігер де, дәрі-дәрмек те тапшы. Амалы құрыған ақхалаттылар балаларды аман алып қалу үшін еден үстінде көмек көрсетуге мәжбүр.
Айта кетейік, қақтығыс кезінде қаза тапқан палестиналықтардың саны 27 мыңнан асты. Тағы 66 мыңға жуық адам жарақат алған.