И. Әлиев Әзербайжандағы президент сайлауында жеңіске жетті
Әзербайжандағы кезектен тыс президент сайлауында Ильхам Әлиев жеңіске жетті.
Бұл туралы орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мазахир Панахов мәлімдеді. Айтуынша, халықтың 92,1%-і қазіргі мемлекет басшысына дауыс берген. Екінші орында 2,2% дауыспен парламент депутаты Захид Орудж тұр.
Сайлауға 4 миллионға жуық адам қатысқан. Елде 6 мыңнан астам сайлау учаскесі жұмыс істеді. Саяси науқанға 90 мыңға жуық бақылаушы қатысты. Еске салайық, Ильхам Әлиев Әзербайжан Республикасын 2003 жылдан бері басқарып келеді.