Венецияда Қазақстан павильоны ашылады
Венеция өнер биенналесінде Қазақстанның ұлттық павильоны ашылады.
Оған жас, дарынды суретшілердің ең үздік туындылары қойылмақ. «Жерұйық: көкжиекке көзқарас» деп аталатын бұл павильонда ежелгі аңыздардың заманауи көрінісі қамтылады. Онда, Асан қайғының арман еткен жерұйығы жай ғана қиял емес, суретшілердің нағыз туындысы ретінде бейнеленеді. Одан бөлек, көрмеде ұсынылатын экспонаттар арасында утопия әлеміне апарар, дыбыстық инсталяциялар да бар. Көрме 7 ай бойы Венециядағы «Navale» тарихи ғимаратында өтеді. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен өнерсүйер қауым жиналады. 2022 жылдың өзінде, бұл көрмеге 800 мыңнан аса адам қатысқан.
Данагүл Төлепбай, ұлттық павильонның кураторы:
- Біздің мақсатымыз - қазіргі заманауи суретшілердің, видео-арт, саунд-арт суретшілердің жұмыстарын көрсету. Олардың еңбектерін әлемге паш етуге үлкен мүмкіндік беріліп отыр.