Испания жағалауында 59 мигрант құтқарылды

Испания жағалауында 59 мигрант құтқарылды

Испанияның Жағалау күзеті Канар аралдарында 59 мигрантты құтқарды.

Келімсектер Гран Канария аралындағы Аргинегин портына жеткізілді. Олардың басым бөлігі Марокко, Сенегал, Гамбия және Мавритания азаматтары. Әсіресе Мавританиядан босып келгендер көп. Еуроодақ комиссиясы Еуропаға заңсыз көші-қон ағынын тоқтату үшін Батыс Африка елдеріне бөлінетін қаржы көлемін ұлғайтуға уәде берді. Айта кетейін, өткен жылы Испания аумағына 57 мыңға жуық мигрант заңсыз кірген. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 82%-ға көп.