Жерден 1,5 есе үлкен ғаламшар анықталды
Жерден 137 жарық жылы қашықтықта жаңа ғаламшар анықталды.
Өлшемі біздің планетадан бір жарым есе үлкен. Шамамен 6 жарым миллиард жыл бұрын пайда болған. Ғалымдар ғаламшар адамдардың өмір сүруі үшін қолайлы болуы мүмкін дейді. Өйткені зерттеулер онда су сұйық күйінде сақталатынын көрсеткен. Енді мамандар Уэбб телескобының көмегімен жіті тексерулер жүргізуді көздеп отыр.