Венгрияда президент сайлауы наурызда өтеді

Венгрияда президент сайлауы наурызда өтетін болды.

Бұл туралы билеуші партияның парламенттегі фракция жетекшісі Мате Кочиш мәлімдеді. Естеріңізге сала кетейік, Венгрия президенті Каталин Новак қызметінен кеткен еді. Бұған оның қылмыскерге рақымшылық жасауы себеп болған. Осыдан бірнеше күн бұрын президенттің мемлекеттік балалар үйінде бірнеше жеткіншекке сексуалды әлімжеттік жасаған ер адамды жазадан босатқаны туралы ақпарат тарап бұл қоғамда үлкен дау тудырды. Көшеге шыққан мыңдаған халық Новактың орнынан кетуін талап еткен. Ақыры ол елден кешірім сұрап, қызметінен кетуге мәжбүр болды.