Сирия Израильмен соғысуға дайын екенін мәлімдеді

Сирия Израильмен соғысуға дайын.

Араб елінің Сыртқы істер министрі Фейсал Микдад Дамаскіде ирандық әріптесі Хусейн Әмір-Абдоллахианмен кездесуінде дәл осындай қатқыл мәлімдеме жасады. Қазіргі таңда Сирия мен Израиль арасында Голан жотасына байланысты жер дауы бар. Өткен жылдың 25 желтоқсанында Израиль әскері Дамаскіге шабуыл жасап, Ислам Төңкерісі Сақшылар корпусының аға кеңесшісін өлтірген болатын.

Фейсал Микдад, Сирияның Сыртқы істер министрі:

"Сирия Израильге қарсы жаңа соғысқа дайын. Оның қашан, қалай және қай жерде басталатыны шешіліп жатыр". 

Шаруалар шеруі қақтығысқа ұласты 

Үндістанның түрлі аймағынан шыққан шаруалар Нью-Делиде тәртіпсіздік жасай бастады. Оларға қарсы полиция көзден жас ағызатын газ бен нөпірі қатты су шашуға мәжбүр. Фермерлер дәнді дақылдар бағасын қолдан арзандатып отырған билікке наразы. Кеше Шаруалар кәсіподағы мен үкімет өзара келіссөз жүргізді, бірақ әзірге ешқандай нәтижеге қол жеткізе алмады. Полиция Нью-Делиге келетін ірі жолдарды бөгеп, көп адамның бір жерге жиналуына тыйым салған. 

Біріккен Араб Әмірліктерінде бұршақ жауды

Сирек құбылыс. Біріккен Араб Әмірліктерінде бұршақ жауды. Мұндайды бірінші рет көрген көптеген тұрғындар жағасын ұстап отыр. Елдің шығысындағы Әл-Аин қаласында жұмыс пен сабақ онлайн әдіске көшті. Сондай-ақ Дубайды су басып жатыр. 

Ернат Қашқынов

Сондай-ақ...