Испания мен Франция арасында дау туындады

Испания мен Францияның теміржол саласында ши шықты.

Еуропа төріндегі қос мемлекет өз нарығына өзге елдің пойздарын кіргізуге құлықсыз. Жабырқап отырған испан билігі. Айтуларынша, француз әріптестері нарықта “әділетсіз ойын” жүргізіп отыр.

Испанияда Аве және Ренфе деген ұлттық теміржол компаниялары бар. Пойыздарының жылдамдығы сағатына 450 шақырымды оңай еңсереді. Францияның да пойыздары Еуропада үздіктер қатарында. Сайып келгенде, жанжал бәскелестіктен туындап отыр.

Базиль Дега, Франция теміржол нарығының сарапшысы:

- Франция мен Испанияның пойыз тасымалы тең деңгейде дамып отыр. Десе де, Еуропаның қақ төріндегі Францияның әлеуеті мен мемлекетаралық қатынастағы мүмкіндігі мол деп ойлаймын. Ал Испания Франция нарығын жаулағысы келеді. 

Мұндай пікірмен испан тарапы келіспейді. Ресми Мадрид шойын жолға қатысты өкпесін Француз елшісіне де жеткізіп, ашық бәсекелестікке шақырды. Екі елдің астаналаарын жалғайтын темір жол қатынасы былтыр ашылуы керек болатын. 

Рауль Бланко, ұлттық Ренфе теміржол компаниясының басшысы:

- Иә, ұзақ жылдан бері Франция нарығына өту жұмыстарын жүргізіп келеміз. Бірақ біздің көп талпынысымыз нақты нәтиже берген жоқ. Десе де өткен жылдың шілде айында Мадрид-Марсель, Барселена-Лион бағытында пойыздар жүре бастады. Бірақ бұл нарықтың өте аз бөлігі. 

Оскар Пуэнто, Испанияның көлік министрі:

- Біздің темір жолдардың Франция аумағындағы мүмкіндігі қолдан шектеліп отыр. Екі ел арасында келісім жасалған, ал іс жүзінде жұмыс тоқтап тұр. Бұл француз тарапынан көрсетілген “әділетсіз ойын” деп қабылдауға болады.

Францияны да түсінуге болады. Себебі олар отандық компанияларды қолдап отыр. Бір өкініштісі екі елдің ұзақмерзімге жасаған жобалары орта жолда тоқтап қалды. Бұл еуропаның теміржол саласының дамуына кедергісін тизізбек. 

Аида Қыдырбай, Дмитрий Рогач