50 миллион бала босқынға айналды
Былтыр 10 миллионнан астам бала бас сауғалап, босқынға айналған.
Оған климаттың қолайсыздығы, індет, аштық себеп. Бұл Халықаралық Save The Children ұйымының дерегі.
Ал қазір дүниежүзінде 50 миллион баланың тұрақты баспанасы жоқ. Мамандар бұған дейін, яғни 2010 жылдан бері мұндай көрсеткіш тіркелмеген еді дейді.
Қазір әсіресе Сомали, Судан, Таяу Шығыстағы балалардың өмір сүру деңгейі айтарлықтай нашар. Былтыр небәрі 10 апта ішінде Газада 1 жарым миллионнан астам адам үйін тастап, босып кетті.