Қазақ диаспорасының көрнекті өкілі Мәнсүр Тәйжі 80 жаста
Айтулы датаға орай ұйымдастырылған жиында арнайы түсірілген деректі фильм көрсетілді.
Сондай-ақ «Шығыс Алтайдан Түркияға бірінші қазақ көші» атты кітабының тұсаукесері өтті. Ыстамбұлдың Гүнейшли ауданында өмір сүретін ақсақал – «Алтайдан-Анадолыға» азаттық көшінің куәгері. 70 жыл бұрын Түркияға табан тіреген бала Мәнсүр осында орта мектепте білім алды. Тері кәсібімен айналысты. Қазақ қоғамын құруға атсалысты. Дәлелхан қажы бастаған қоғамдық ұйымның жауапты хатшысы болды. Қазақстан мен Түркия арасындағы байланысқа алғашқылардың бірі болып кірісті. Әсіресе мәдени қоғамдық іс-шаралардың бел ортасында жүрді.