Қытайда шаруалар шығынға батты
Аяз елдің оңтүстігіне жетіп ауылшаруашылығына орасан зор шығын келді.
Аньхой мен Хунань провинциясында жайқалып өсіп тұрған рапс қардың астында қалды. Фермерлер пісіп тұрған дақылды жинай алмай әбігерге түсіп жатыр. Аймақта төтенше жағдайдың қызғылт сары деңгейі жарияланды. Қардың салмағын көтере алмай кейбір жылыжайлар қирап қалған. Тағы 100 гектар жерге егілген саңырауқұлақты үсік шалды. Жәрдемге агро саланың мамандары жұмылдырылды. Елде 24 мың гектарға жуық картоп егілген. Қазір жергілікті билік көкөністі үсік шалмас үшін күш салып жатыр.
Гао Шипенг, ауыл шаруашылығы технологиялық орталығының директоры:
- Картоп өнім тұр. Мамандарға үсіктен қорғауға бағытталған әдіс қолдану туралы тапсырма берілді. Бұдан басқа дақылдарға да қауіп төнді. Қар мен жаңбыр тоқтаған соң арнайы тыңайтқыш себіледі. Ал жылыжайларды жылылап, арнайы пластиктермен қаптаймыз.