Газа секторында балалар ашқұрсақ жүр

Газа секторында қарулы қақтығыстан азық-түлік жетіспей, балалар ашқұрсақ жүр.

Соның кесірінен көбінің денсаулығы нашарлап кеткен. Бұл туралы Юнисеф хабарлады. Аталған қордың дерегіне сәйкес, қазіргі уақытта Газадағы әр төртінші отбасы яғни жарты миллионға жуық адам тойып тамақ ішпейді. Жағдай осылай жалғаса берсе, алдағы апталарда бес жасқа дейінгі 10 мың баланың өміріне үлкен қауіп төніп, медициналық көмекке мұқтаж болады. Бірақ қазір өңірдің денсаулық сақтау жүйесі де күйреп тұр. Ауруханалардың үштен екісі жұмыс істемейді. Сондықтан осы мәселені шұғыл шешу үшін тез арада қақтығысты тоқтату керек дейді БҰҰ өкілдері.