Газа секторындағы ауруханада жаңа туған шақалақтарға инкубатор жетіспей жатыр
Газаның оңтүстігіндегі «Эмирейтс» ауруханасында жаңа туған шақалақтарға инкубатор жетіспейді.
Шала туған бірнеше сәби бір құрылғыда жатып ем алуға мәжбүр. Бұл бөбектердің ауруын асқындырып, түрлі инфекция жұқтыруына әкеп соғуда дейді мамандар. Тіпті бір түнде 2-3 сәби көз жұмады. Оған қақтығыс кезіндегі медицинаның қауқарсыздығы мен құрал-жабдықтардың тапшылығы себеп.
Амаль Исмаил, дәрігер:
«Мұнда қазір 70 бала инкубаторға тәуелді. Бірақ бар-жоғы 20 құрылғыға сыйғызып, амалдаудамыз. Оларды аман алып қалу үшін қолдан келген мүмкіндікті жасап жатырмыз. Бірақ күн сайын бейкүнә періштелер көз алдымызда өлім құшуда. Бұл өте қиын жағдай».