Хуситтер АҚШ-тың мұнай танкеріне шабуыл жасады
Йемендік хуситтер Аден шығанағында АҚШ әскеріне тиесілі ЭмВи-Торм-Тор /MV Torm Thor/ мұнай танкеріне шабуыл жасады.
Бұл туралы хуситтердің әскери өкілі Яхья Сареа хабарлады. Айтуынша, кемеге аздап зақым келген. Бірақ зардап шеккендер жоқ. Бұған дейін Ақ үй АҚШ пен Ұлыбритания күштерінің Йемендегі оннан астам хусит нысандарына соққы бергенін мәлімдеген еді.
Яхья Сареа, хуситтердің әскери өкілі:
- Йемен Қарулы күштері елімізді, халқымызды қорғау үшін Қызыл теңіз бен араб теңіздеріндегі барлық нысандарға қарсы шабуыл жасаудан тайсалмайды. Газадағы қақтығыс тоқтамайынша біз шиеленіске қарсы әскери операциямызды жалғастыра береміз.