Израиль мен ХАМАС тұтқын алмасуы мүмкін

Израиль мен ХАМАС араағайын елдердің көмегімен Газадағы атысты уақытша тоқтатып, тұтқын алмасу бойынша келісімге келуге жақын.

Қолда бар мәліметке сәйкес, анклавтағылар кепілге алынған 40 азаматты босатуы тиіс. Израиль тарапы бірнеше жүз палестиналықты түрмеден шығарып, 6 апта бойы атысты доғаруы қажет. БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, кепілге алынғандарды алмасу шартын АҚШ, Катар мен Египет елдерінің делегациялары бірлесіп әзірлеген. Бұған дейін Газа секторындағы халыққа гуманитарлық көмек жіберу жұмысын жандандыру ұсынылған болатын.