Әлем шоколадсыз қалуы мүмкін
Биыл жаһандық инфляция төмендеуі мүмкін.
Былтыр көрсеткіш 6,8 процент. Ал биыл меже 5,8 процентке дейін кемуі тиіс. Бірақ мамандар ахуалдың оңалуына кері әсер ететін қауіп-қатердің барын жасырмайды. Бұл әлемдегі геосаяси ахуалмен байланысты. Өйткені мұның бәрі тауар тасымалын қиындатады. Осының кесірінен логистикалық шығындар артып, баға өсетіні анық.
Иә, инфляцияның салдарынан қазір көп елде азық-түлік бағасы шарықтап тұр. Әлемдік сарапшылар биыл әсіресе шай мен шоколад бағасы күрт қымбаттайды, дейді.
«Дүниежүзі 2040 жылы шоколадсыз қалуы мүмкін», - дейді әлемдік сарапшылар. Оған басты себеп климаттың өзгеруі. Шоколад пен климаттың қандай байланысы бар? Какао өндірісіне не әсер етеді?
Жаһандық жылынудың әсерінен 2030 жылға қарай какао ағашын өсіру тиімсіз болады. Қазірдің өзінде кей африкалық және индонезиялық фермерлер какао бұршақтарын өсіруден бас тартып жатыр. Халықаралық какао ұйымының мәліметінше, кейінгі 40 жылда шоколад ағаштарын өсіруге жарамды аумақтардың ауданы 40%-ке азайды. Тағы 40 жылдан кейін Гана мен Кот-д’Ивуардағы орташа температура 2 градусқа көтеріліп, шоколад индустриясы тоқтауы мүмкін. Өйткені, бұл екі ел әлемдік какао экспортының 70%-ін қамтиды. Ал болжам жыл сайын какаоға сұранысты арттырып жатыр. Әлемдік биржалардағы какао бұршақтарының құны ақпан басында 6000 долларға жетті. Яғни жыл басынан бері бір жарым есе өскен. Бұл 2022 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 130 процентке көп.
Азық-түлік бағасы шарықтап тұр
Азық-түлік бағасы көз ілеспес жылдамдықпен өсіп барады. Бір айда 72 процентке қымбаттаған. Өйткені қаңтарда елдің жылдық инфляция деңгейі 64 проценттен асты. Бұл былтырғымен салыстырғанда 3 процентке көп. Азық-түлік бағасы қымбаттағасын, базарға баратын халық қарасы азайған. Ал сатылымдағы жеміс-жидектер мен көкөністердің жарамдылық мерзімі өтіп, шіри бастаған. Сауданың тілін жақсы білетін саудагерлер бағаны айтарлықтай төмендетті. Мәселен 1 келі құрманы таңда 100 лираға алса, түстен кейін 70 лираға алуға болады. Бұны сарапшылар жалқау бизнес деп атайды. Ал түрік саудагерлері бұлай қылмасқа амал жоқ екенін айтады.
Блиц:
- Клиент тарту үшін бағаны төмендетеміз, бірақ бизнес баяу, өйткені сатып алушылардың 99 проценті өте аз сатып алады. Мысалы, апельсин, банан, құлпынай және алма сияқты жемістерді көбісі бір түйір, екі түйірлеп алады.
- Көкөністерді сату қиын болып тұр, олар тез бұзылатындықтан, сатып үлгермейміз. Амал жоқ, тастауға тура келеді.
Ал 50 лира тұратын қырыққабатты, небәрі 20 лираға алып дорбасын толтырған халық төмен бағаның тиімді тұсын көріп отыр.
Бехие, тұрғын:
- Жеңілдікпен қырыққабат сатып алғанда, мен айына орта есеппен 1500-ден 2000 лираға дейін үнемдейді екенмін.
Кедейлер көбейіп барады
Ал Аргентинада қазір жүздеген отбасы тегін тамаққа зәру, үкіметке масыл. Кедейлер көбейді. Елдегі әр төртінші тұрғынның жағдайы мүшкіл. Мамандар бұған қымбатшылық себеп дейді. Мәселен, қаңтардағы инфляция деңгейі 20 проценттен асқан. Былтыр желтоқсанда билікке Хавьер МилЕй келгелі песо 50 процентке құнсызданған. Жаңа президент мемлекет тарапынан беріліп келген көмекқаржыны едәуір қысқартып тастады. Қазір елде тегін әлеуметтік асханалар жұмыс істейді. Жұрттың бәрі сонда барып қарын тойдыруға көшті.
Диего Итурбуро, тұрғын:
- Түскі ас кезінде осы жерге келеміз. Тек кешкі асты ғана үйдегі бар азық-түлікпен пісіріп жейміз. Солай ақшамызды үнемдейміз. Егер бұл асханалар жабылып қалса, балаларымның аш қалатын түрі бар.
Азық-түлік бағасының қымбаттауы түйткілді мәселе. Әсіресе дамушы елдердегі кедейшілік мәселесі шешілмей тұр. 2023 жылы шамамен 238 млн адам тойып тамақ ішпеген. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 21,6 млн-ға көп.