Қытай биыл ғарышқа жүзден астам зымыран ұшырады

Қытай биыл ғарышқа 100-ге жуық зымыран ұшырып, орбитаға 300-ден астам аппаратын жеткізбек.

Көрші ел үшін бұл рекордтық көрсеткіш болғалы тұр. Былтыр Қытай ғарышқа 67 рет жерсерік ұшырған еді. Бұдан бөлек ел билігі 2024 жылы Вэньчан қаласындағы коммерциялық ғарыш айлағының құрылысын аяқтауды көздеп отыр. Жоспар бойынша ол жақтан екісатылы зымырандар көкке көтеріледі.