Адамның есімі тағдырына әсер етеді
Кім баласын өзгеден кем көрсін.
Ержүрек болсын деп батырдың, ақылды болсын деп дананың атымен атап жатады.
Кезінде Октябрь, Олимпиада, Аргентина сынды есімдер болған. Қазір Әлихан, одан қалды Омар, Мұхамедттер, қыздарда Медина, Айлиндер көбейген заман.
Балаңызды қалай атасаңыз, соған жақын болады. Ұл - қызыңыздың есімі болашағына әсер етеді дейтіндер бар. Шынымен солай ма? Мамандар не дейді?
Бұл балаларға арналған әйгілі көркем фильм. Кинодағы кейіпкердің есімі Сүйрік. Құлаққа жылы естілген сүйкімді есім.
Ақсүйрік Олжасқызы:
- Мен Қосшы қаласы мектеп-гимназиясының екінші сынып оқушысымын. Менің атым Ақсүйрек болады. Мен өзімнің атыммен мақтанамын. Менің атымды әкем қойған.
Әбіл Қасым, Ақсүйріктің атасы:
- Әрбір қойылған ат сол баланың болашағына әсер етеді. Мысалы мынау менің немеремнің аты – Ақсүйрік. Оны әкесі қойып еді. Кейін бұл не нәрсе екен деп сұрасақ, судың астындағы бір өсетін өсімдіктің бір түрі екен. Бұл да құбылыстың бір түрі. Енді адамның тағдырына әсер етеді деп жатырмыз ғой. Аспан әлеміне ұшқан қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров Ақсүйріктің тұсауын кескен еді.
Елде Ақсүйрік есімді 175 қыз-келіншек бар. Оның сегізі біздің кейіпкерімізбен тұстас. Бұл ұлттық статистиканың мәліметі. Ақсүйрік атына сай оқушы. Жалпы азан шақырылып қойылған адам есімі тағдырына тікелей байланысты дейтіндер бар.
Балабек Сақтағанов, психолог:
- Өзіңіздің ішкі пікіріңізді, потенциалыңызды бар энергияңызды толықтай көрсетуге қабілетіңізді толықтай ашуға міндетті түрде адамның аты адамның тағдырына адамның өмір сүруіне болашақтағы мамандығына болашақта тұлға ретінде ортаға беделді болуына тығыз байланысты.
Тұрсынгүл Күзденбаева, нумеролог:
- Әрбір адам дүниеге келгенде міндетті түрде туған күні, айы, жылы болады. Әр ата-ана оларға есім береді. Сол аты нәрестеге керемет әсер береді. Неге? Себебі қойылған аттағы әр әріптің санының иесі. Сондықтан өзінің не мықты не әлсіз жақтарын күшейтіп жібереді. Неге олай атйып тұрмын. Себебі әр санның өзінің мағынасы бар. Рухани болмыс, энергиясы адамдармен қарым қатынасы тағдырына керемет әсер етеді.
Ертедегі қазақ баласын тіл көзден қорғап Қиқым, Шоқпыт деп атай салған жайттар көп. Түлкібай, Қоянбайлар да осы тақылеттес. Бұдан бөлек әруағы қорғар деп арғы бабаларының, батырлардың есімімен атағандар да көп. Композитор Қалдыбек Құрманәлі үлкен ұлын Шәмші-Қалдыаяқ деп атаған. Қазір музыкант.
Қалдыбек Құрманәлі, композитор:
- Үлкен ұлымның аты Шәмші-Қалдыаяқ. Қазіргі уақытты Құрманғазы атындағы ұлттық конctрваторияны бітірді, музыкант. Оның алды саз колледжін бітірген. Бір ғажабы кезінде Шәмші Қалдыаяқов сол консерваторияны бітіре алмады ғой.
Кеңестік кезде аттар көп қойылған. Колхозбек, Совхозбек, содан кейін Докторбай дегенде болды. Сьезд деген кейінгі кезде түрлі аттар қойылып жатты. Бірақ енді менің ат қоюуымда дәстүр осылай.
Асантемір Қаршығаұлы, тілші:
Таң атпай тұрып, түн келген,
Барлығына үлгірген.
Бір ағамыз болыпты,
Есімі оның Вилмерген! Замандастары оның есімінің сырын сұрағанда «Владимир Ильич Лениннің құрметіне Вилмерген деп қойылған» депті. Вилмерген қарт дүниені төңкеріп тастамаса да белсенді өз ортасында абыройлы болған деседі.
Асантемір Қаршығаұлы, Бағдат Қайыркен