Мексикадағы ең қауіпті жанартау оянды
Мексикадағы ең қауіпті жанартаудың бірі Попокатепетль оянды.
Жанартау от бүркіп, 2 шақырым аумаққа дейін күлін шашты. Билік қауіп-қатердің «жасыл деңгейін» жариялап, жақын маңдағы тұрғындарға барынша сақтанып, кез келген уақытта шұғыл көшуге дайын болуды ескертті. Попокатепетль осы елдегі 46 жанартаудың ең белсендісі. Былтыр қарашада шашыраған күлдің кесірінен Пуэбло қаласындағы халықаралық әуежай жабылып, 11 ауданда мектептегі сабақтар тоқтатылған болатын.