Гондураста автобус апатынан 17 адам қаза тапты

Гондураста екі автобус соқтығысып, 17 адам қаза тапты.

Тағы 14 кісі жарақат алды. Олар жақын маңдағы ауруханаға тікұшақпен жеткізілді. Оқиға елдің батысындағы Ла-Монтанита елді мекенінде болды. Куәгерлердің айтуынша, жолаушылар көлігі жоғары жылдамдықпен келе жатып, қарсы бағытқа шығып өзге бір автобусты барып соққан. Алдын ала болжам бойынша бірінші автобустың рулінде жүргізушісі емес көмекшісі болған.