Дубайда реактивті костюмдер жарысы өтті
Дубай қаласында әлемде алғаш рет реактивті костюмдер жарысы өтті.
Инновациялық спорт түріне 8 елдің өкілдері қатысты. Бәрі – кәсіби ұшқыш. Қауіпсіздікке байланысты сайыс су үстінде жүрді. Жарысқа қатысушылар үстілеріне қозғалтқыштары бар киімдерін киіп, аспанда ұшып өнер көрсетті. Сайыскерлердің бірі салмағы шамамен 30 келі болатын костюммен сағатына 128 шақырым жылдамдықпен ұшты.