Боливияда бес жүзден астам отбасы эвакуацияланды
Боливияның Качуэлита ауылын су басты.
Соның салдарынан тұрғын үйлер қирап, шаруа қожалықтары бүлінді. Халық ауыр шығынға ұшырады. Осыған дейін Амазония аймағында 500-ден астам отбасы қауіпсіз жаққа жеткізілген еді. Билік бірнеше облыста төтенше жағдай жариялады. Айта кетейік, өткен аптада су тасқыннан 40 адам көз жұмды. Синоптиктер ақпан айында солтүстік өлкеде жауын-шашынның рекордты мөлшері түскенін айтады.