Қытайда 3,6 балдық жер сілкінісі болды

Қытайда да жер сілкінісі болды, деп хабарлайды 24KZ.

Елдің сейсмикалық желілер орталығынгың мәліметі бойынша жерасты дүмпуі 3,6 балға дейін жеткен. Қытайдағы меншікті тілшіміз Руслан Бақытбекұлы тікелей байланысқа шығуға дайын тұр

Руслан Бақытбекұлы, тілші:

- Оқиға Қытайдың солтүстік батысындағы Шыңжаң Ұйғыр автономдық ауданында тіркелді. Жер сілкінісі жергілікті уақытпен 11:50 шамасында тіркелді. Дүмпу жер астында 18 шақырым тереңдіктен басталған. Мамандардың айтуынша 3,6 балдық жер сілкінісі айтарлықтай сезілген.  Шыңжаң жер сілкінісі агенттігінің мәліметі бойынша бұл қырғыз мемлекетімен шекаралас аймақ. Тянь-Шань тауының бөктерінде орналасқан елді мекен. Ақсу қаласы Бай ауданында тіркелді. Дәл сол аумақта 200 мыңға жуық халық тұрады. Алайда жергілікті билік зардап шеккендер мен келген залал туралы ресми мәлімдеме жасаған жоқ.