Бішкекте де жер сілкінді
Көрші елдің сейсмология институты келтірген мәлімет бойынша зілзала ошағы Шолпан-Атадан 35 шақырым, ел астанасынан солтүстікке қарай 190 шақырым жерде орналасқан.
Бішкек, Қаракөл мен Құмтөр кен орнында жерасты дүмпуінің қуаты 3,5 балды құраған. Ал Шолпан-Атада 4 балға жетіпті. Алдын ала дерек бойынша табиғи апаттан зардап шеккендер жоқ.