Италияда қар көшкінінен бір адам қаза тапты
Италияда қар көшкіні жүріп, 1 адам мерт болды.
Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, 16 жастағы жігіт трассадан тыс жерде шаңғы теуіп жүріп, көшкін астында қалып қойған. Табиғат апатынан аймақтағы тасжолдар мен туннель жабылып, 6 мыңнан астам адам сыртқы әлемнен ажырап қалды. Көбі турист. Ондаған ғимарат қирап, мектептер жабылды. Қазір оқиға орнында жүздеген әскери мен құтқарушы жұмыс істеп жатыр.