Германия халқы мейрамханаға сирек баратын болды

Германия тұрғындары қоғамдық тамақтану орындарына аз баратын болды.

Бұған азық-түлік бағасының айтарлықтай өсуі себеп. Пандемия кезінде жергілікті дәмханалар мен мейрамханалар үшін қосылған құн салығы 7 процентке дейін төмендетілген. Бірақ биыл қаңтарда 19 процентке дейін қайта көтерілді. Ал бұл қоғамдық тамақтану орындарында бағаның өсуіне әкеп соқтырды.