ХАМАС жаңа бейбіт бітім шарттарымен келіспеді

ХАМАС Газа секторында оқ атуды тоқтату туралы жаңа бітім шарттарымен келіспеді.

Онда аймақтағы атысты 40 күнге доғарып, тұтқындармен алмасу ұсынылған еді. Палестиналық қозғалыс бұған қоса өңірден Израиль әскерінің шығарылуын талап еткен. Бірақ қарсы тарап көнбеді. Десе де, ХАМАС диалогты одан әрі жалғастыруға дайын екенін айтып отыр. Келіссөз Каирде өтті. Шиленісті шешуге АҚШ, Катар мен Мысыр арағайындық танытуда. Жиынға ХАМАС делегациясы да қатысты. Бірақ Израиль өз өкілдерін жібермеді. Өйткені палестиналық қозғалыс, тұтқында ұстап отырған адамдардың тізімін тапсырмаған.