Әлемде шоколад бағасы қымбаттады
Әлемде какао бағасы шарықтап кетті.
Кейінгі 1,5 жылда ол 3 есе қымбаттаған. Оған ауа райының қолайсыздығы себеп. Какаоның ірі экспорттаушылары – Батыс Африка елдері. Өңірді қуаңшылық жайлаған. Оның үстіне мұнда өсімдіктердің ауруы жиілеп кеткен. Содан шаруалар әдеттегіден аз өнім жинауға мәжбүр. Мұның бәрі шоколад бағасының өсуіне әкеп соқтырды.
Баламин Коне, шаруа:
- Бұл жолы жинаған өніміміз әдеттегіден 30%-ке аз. Какаоға сұраныс әрқашан жоғары. Ұсыныс аз болғасын, өнім де қымбаттай бермек. Өндірушілердің біразы шоколад бағасын көтеріп жіберген.