АҚШ-та шағын ұшақ құлады

АҚШ-тың Теннеси штатында шағын ұшақ апатқа ұшырап, бортында болған барлық 5 адам ажал құшты.

Қайғылы оқиғаны сол жерден өтіп бара жатқан көлік жүргізушісі бейнетаспаға түсіріп алған. Жерге құлаған ұшақ лезде отқа оранды. Алдын ала тергеуге қарағанда қозғалтқыштардың бірі істен шыққан. Ұшқыш диспетчерлерге жерге қона алмай жатқанын хабарлаған.