Египетте құрма қымбат
Мысыр елінде құрма қымбат.
Салдарынан биыл жұрт оны әдеттегіден аз сатып алуға мәжбүр. Тұрғындар бәріне биліктің қаржы саясаты себеп дейді. Біраз күн бұрын Орталық банк пайыздық мөлшерлемені көтеріп, ұлттық ақша - мысыр фунты 40 пайызға құнсызданды. Елде шетелдік валюта тапшы. Бұл бизнеске салмақ салады. Импортталатын тауар бағасының өсуіне әкеп соқтырады. Билік девальвация арқылы осы мәселені шешуге ниетті. Бірақ тұрғындар ондай шараның еш пайдасын көріп отырған жоқпыз дейді.
Гамаль Рамазан, сатушы:
- Жыл сайын Рамазан айы кезінде 50 тонна құрма сататын едік. Биыл 20 тоннаға да жете алмадық. Құрмаға деген сұраныс әрқашан жоғары, тіпті бағасы 1000 египет фунтына жетсе де, адамдар оны сатып алатын. Бірақ бұрынғыдай 50 келілеп алатындары жоқ. Көбі 5 келіден аспайды.
Надия Майкл, тұрғын:
- Былтыр құрманың бір қорабы 20-25 фунт тұратын. Қазір 40 фунтқа сатылып жатыр. Ал ең жақсы дегендерінің бағасы 80 фунтқа дейін барады. Қалай қымбаттағанын осыдан көруге болады.
Қуаңшылық жайлап, қымбатшылық қысты
Ексең егін ішерсің тегін... десе де, еккен егіні бітік шықпай, қуаңшылық қысып тұрған елдер бар. Мәселен, әлемде мұсылман саны ең көп ел Индонезияда, азық-түлік бағасы аспандап тұр. Әсіресе күріш қымбат. Жергілікті тұрғындардың басты тұтынатын тамағы, былтырғы көрсеткіштен 16 пайызға күрт көтерілген. Оған себеп елді жайлаған қуаңшылық. Былтыр жауын-шашын аз жауып, егін алқабында күріш бітік шықпаған. Әрине бұл, астық өндірісінің төмендеуіне, сәйкесінше бағаның шарықтауына әкеледі.
Сорайя, тұрғын:
- Қазір елде азық-түлік бағасы тұрақсыз. Халық өзін күнделікті керек-жарағымен қамтамасыз ету үшін, оның бағасын алдын-ала біліп, соған шамалап бөліп отыруға тиіс. Ал бізде қалыптасқан бір стандарт жоқ.
Азық-түлік күрт қымбаттады
Пәкістан
Ал Пәкістанда ақпанда азық-түлік бағасы 23 пайызға көтерілген. Оған былтырғы елдегі инфляцияның шарықтауы себеп. Азық-түліктен бөлек, электр энергиясы, су және газ бағасы аспандаған. Тұрғындар үкіметті нарықтағы тауар бағаларын бақылауға алып, субсидияланатын дүкендер ашуға шақырды.
Бангладеш
Бангладеш те осындай жағдай. Ел астанасы Даккадағы базарларда, жасымық, пияз және өсімдік майы алдыңғы айға қарағанда 30-40 пайызға қымбаттаған. Таяу шығыстан әкелінген құрма бағасы да айтарлықтай өскен. Базардағы сатушылардың айтуынша, қымбатшылыққа көтерме сауда иелері кінәлі. Бұған тұрғындар назары. Халық онсыз да, валютаның әлсіреуінен туындаған инфляцияны бастан өткеріп жатыр. Мәселен, былтыр жылдық инфляция мөлшері, 9,41 пайыз болса, бұл көрсеткіш биыл 9,86 пайызға артты.
Мохаммад Опу, сатушы:
- Биыл кірістен шығынымыз көп болып тұр. Күніне небәрі 400 така ғана табамыз. Бағаның қымбаттағаны сонша, оны халыққа сатуға да қысыласың.
Араб елдерінде бағаны көтеруге тыйым салынған
Біріккен Араб Әмірліктерінде Рамазан айында азық түлік бағасын көтеруге жыл сайын қатаң түрде тыйым салады. Әсіресе өсімдік майы, жұмыртқа, сүт өнімдері, күріш, қант, құс еті, бұршақ дақылдары, нан және бидай өнімдерін қымбаттатуға заңмен шектеу салынған.
Өсімдік майы
Жұмыртқа
Сүт өнімдері
Күріш
Қант
Құс еті
Бұршақ дақылдары
Нан
Бидай өнімдері
Бағаны көтеруге тыйым салынғанымен оған көнбейтіндер де бар. Мәселен былтыр араб елдерінде ресми мәліметке сәйкес, осындай 6 545 құқық бұзушылық тіркелген. Сондықтан биыл ел билігі тұрғындарға, азық-түлік сатып алу кезінде төлем туралы есепті сақтап қоюды ескертті.