АҚШ-та атыстан үш адам қаза тапты

АҚШ-тың Арканзас штатында белгісіз біреулер тұрғындарға шабуыл жасап, 3 адам мерт болды.

Тағы 4 кісі жарақат алған. Қазір олардың барлығы жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Оқиға Джонсборо қаласында таңғы сағат 5-тер шамасында болған. Кешке жиналған тұрғындар мен қонақтар арасында дау туындап, сөзге келе алмаған. Әзірге кімнің бірінші болып оқ атқаны белгісіз. Жергілікті полиция тергеуді бастап кетті.