Газа секторына гуманитарлық көмек жеткізілді
АҚШ пен Иордания билігі Газа секторының солтүстігіне әуе жолы арқылы парашютпен гуманитарлық көмек жеткізді.
Азық-түлік жүгі 11 мыңнан астам адамға, бір мәрте тамақтануға жетеді. Бұл туралы Америка әскері мәлімдеді. АҚШ билігі бұған дейін әуе арқылы 135 мың адамға арналған ас-ауқат жеткізген. Енді ел билігі теңіз арқылы көмек жеткізу үшін, арнайы порт салуды тапсырды. Құрылыс жұмыстары 2 айға дейін созылуы мүмкін, ашқұрсақ отырған палестиналықтар үшін бұл тым ұзақ мерзім дейді мамандар.