Жүк тиелген кеме Газаға жетті
Газа Секторына гуманитарлық көмек тиелген алғашқы кеме келіп жетті.
Оның бортында 200 тонна азық-түлік бар. БҰҰ мәліметіне сүйенсек, аймақта тұрғындардың төрттен бірі тойып тамақ ішпейді. Әскери қимылдардың салдарынан аймаққа құрлық арқылы азық-түлік жеткізу қиындаған. Қажетті көмек жермен де, көкпен де, тіпті теңіз арқылы жеткізіліп жатыр.