Суданға аштық қаупі төніп тұр
Суданның 5 миллионға жуық тұрғынына аштық қаупі төнді.
Бұл туралы Біріккен Ұлттар ұйымының өкілдері мәлімдеді. Олардың айтуынша, елге гуманитарлық көмек жеткізу мәселесін тезірек шешу керек. Себебі Судандағы құрғақшылық пен қуаңшылық, сондай-ақ қарулы қақтығыс жағдайды одан бетер ушықтырып жатыр. Ресми мәлімет бойынша аймақтағы тұрақсыздықтан бүгінге дейін 8 миллионнан астам адам көрші елдерге босып кеткен.