Қазақстандықтар Австрия жұртына мерекелік көңіл-күй сыйлады
Қазақстандықтар Австрия жұртына Наурызға орай мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Біздің диполматтар Маңғыстау облысының әкімдігімен бірге Вена филармониясында концерт ұйымдастырды. Ақжарма және Жорға ансамбльдері көпшілікті өз өнерімен тәнті етті. Музыкалық бағдарламадан бөлек келушілерге қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылды. Кейінгі кездері еуропалықтардың Орталық Азия мен Наурыз мейрамына деген қызығушылығы артқан. Бұл ғасырлар бойы бейбітшілік пен жақсылықты дәріптеп келе жатқан мерекенің маңыздылығын күшейте түскен.
Кристин Муттонен, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бұрынғы төрағасы:
- Бүгін осында көктем мен жаңа өмірдің бастауы - Наурыз мейрамын атап өту мүмкіндігі пайда болғанына қуаншытымын.
Мартин Сайдик, Австрияның Еуропалық саясат және қауіпсіздік институтының басқарма мүшесі:
- Былтыр осы уақытта Қазақстанда болып, мейрамның қалай атап өтілетінін өз көзіммен көріп қайтқанмын. Қазақстандықтарға жақсылық тілеймін!
Юдзи Белеза, блогер:
- Түрлі ұлт өкілдері бірге бас қосып өз мәдениеті мен салт-дәстүрін таныстырып жатыр. Бұл керемет емес пе!