Газа секторында ахуал ушығып тұр
Әсіресе солтүстік аймақта азық-түлік дағдарысы қатты байқалады.
Халықтың 70 пайызы аштықтан зардап шегіп отыр. БҰҰ бас хатшысы баспасөз хатшысының орынбасары Фархан Хак ұйымның есебінде осылай деп мәлімдеді. Оның сөзінше, өңірге жөнелтілген гуманитарлық көмек жетіспей жатыр. Наурыз айы басталғалы жоспарланған көмек жүгінің тек жартысы ғана аймаққа өткен. Ал жүк көліктерінің Газа шекарасына кіруіне Израиль билігінің рұқсаты керек дейді.
АҚШ, Нью-йорк
Фархан Хак, БҰҰ Бас хатшысы баспасөз хатшысының орынбасары:
"Израиль билігі бізбен ынтымақтасуға шешім қабылдады. Бірақ, бұл бастаманың қаншалықты нәтиже беретіні белгісіз. Дегенмен, соңғы күндері аймаққа аз-кем ас-су жеткізілді. Өңірге күнделікті кемінде 300-ге жуық жүк көлігі өтіп отыруы керек."
Отводка. Ал Испанияның қайырымдылық ұйымы осы аптада Газа аумағына су көлігі арқылы 200 тонна гуманитарлық көмек жеткізген. Ұйым басшысы аймақтағы қауіп пен қырғынға қарамастан өңірге азық-түлік, ас-су жеткізуді тоқтатпайтынын мәлімдеді. Оның сөзінше, кемені айлаққа жылжытудың өзі қиындаған. Өйткені бұл маң үйінділер мен қираған ғимараттардың қалдықтарына толып қалған. Соған қарамастан Израиль тарапы көмек жүгін түсіру кезінде испандардың қауіпсіздігіне кепілдік бермейтінін ескертті.
Испания
Оскар Кэмпс, қайырымдылық ұйымының басшысы:
"Газадағы ашқұрсақ халық амалсыз шөппен қоректенуге мәжбүр. Біз бұған қол қусырып қарап отыра алмаймыз. Қазір келесі жөнелтетін көмек жүгін дайындап жатырмыз. Біз қолымыздан келгенді аянып қалмаймыз. Әр сапар сайын 500 тоннаға дейін жүк жеткізуге қауқарымыз жетеді. Барлық ықпалды ұйымдар мен мемлекеттерді осы дәліз арқылы аймаққа гуманитарлық көмек жеткізу үшін бірігуге шақырамын."