Иракта лай көшкінінен екі адам қаза тапты

Ирактың Духок қаласында бірнеше күн тоқтаусыз жауған жауын-шашыннан соң лай көшкіні жүрді.

Табиғи апат салдарынан 2 адам опат болды. Тағы ондаған кісі жарақат алған. Із-түзсіз кеткендер де бар. Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады. Көшелерді лай басып, жүздеген үй мен ғимарат балшық астында қалған. Билік шұғыл шара қабылдап, құтқару жұмыстарына кірісті. Тұрғындарды аса қажеттілік болмаса тысқа шықпауға шақырып отыр. Духокта соңғы рет лай көшкіні 2019 жылы тіркелген еді. Табиғи апаттан 20-дан астам адам опат болған.